Руханият • 19 Желтоқсан, 2022

«Ұлт рухының діңгегі» акциясы

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері елордадағы «Қаламгерлер» аллеясында «Алаш» қозғалысының көшбасшыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

«Ұлт рухының діңгегі» акциясы

«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қана­тының белсенділері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы ескерт­кішіне гүл шоқтарын қойып, оларды бір минут үнсіз­дік­пен еске алды. Ұйымдасты­ру­шы­лардың айтуынша, «Тәуел­сіздік – ұлт рухының діңгегі» акциясы – Азаттық жолын­да құрбан болған «Алаш» қоз­ғалысының ұлы қайраткерлеріне көрсетілген құрмет.

«Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың ай­ту­ын­ша, тәуелсіздік халқы­мыз­дың қастерлі құндылығы екенін жас­тар қауымы жақсы түсінуі тиіс.

«Тәуелсіздік – еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті ұғым. Соның арқасында Қазақстан же­місті жетістіктерге қол жет­кізді. Бостандық ұлттық рухы­мыздың өзегі екенін жастар қауы­мы терең түсінсе дейміз. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Алаш қайраткерлерінің дербес мем­лекет болып, жер жүзімен тере­зесі тең қатынас орнату жөнін­дегі арман-мақсаты жүзеге асты. Тәуелсіздікті нығайту және мем­ле­кеттілікті қорғау тарлан та­рих пен болашақ ұрпақ алдын­да­ғы парызымыз екеніне сенім­діміз», деді Нұржан Жетпіс­баев.

Осындай іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде өтті.