Үкімет • 19 Желтоқсан, 2022

Коронавирустан сақтану шаралары

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ өңірлердің басшылары қатысты.

Коронавирустан сақтану шаралары

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанудың өсуі байқалады. Тәулігіне КВИ+ жұқтырудың 235 және КВИ-  жұқтырудың 40 жағдайы тіркеледі. Кейінгі аптада сырқаттанушылық 21%-ға арт­қан (аптасына 1 001 жағ­дай­дан 1 283-ке дейін).

«Бүгінгі таңда барлық өңір – «жасыл аймақта». Соны­мен қатар 15 өңірде R көр­сеткі­ші бірліктен жоғары, бұл – ин­фекцияның таралуы­ның өсуі­нің белгісі. Бас мем­ле­кеттік санитарлық дәрігердің қаулы­сына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орын­дарда маска тағу ұсыны­лады», деді А.Ғиният.

Вице-премьер А.Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұ­мыстарын күшейтуді тапсыр-
ды.

Бүгінгі таңда бірінші компонентпен вакцина салдырған халықтың үлесі 81,1%-ды құрайды, екінші компонентпен вакцина алғандар– 79,3%. Алғашқы ревакциналаудан 5,6 млн адам немесе тиісті халықтың 70%-ы, қайта ревакциналаудан 1,1 млн адам немесе тиісті халықтың 51,9%-ы өтті.