Әлем • 19 Желтоқсан, 2022

Жапонияда 16 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапон теңізінің жағалауындағы  бірнеше аймақта және Хонсю аралының солтүстік-шығысында жауған қалың қар салдарынан 16 000 үй электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапонияда 16 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

Бұл туралы Tohoku Electric Power энергетикалық компаниясы хабарлады. 

Ниигата өңіріндегі 11 000 үйде электр жарығы жоқ. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жексенбі күні Жапонияның солтүстік-шығыс аймақтарында қалың қар жауды. Кейбір префектураларда, мысалы, Аомори, Ниигата, Фукусима және Ямагатада қардың қалыңдығы бір-екі метрге жеткен. 

Өңірлерде көлік қозғалысы да қиындаған. Кейбір бағыттағы пойыздар тоқтатылды.