150 адамға арналған EXPO ашық мұз айдыны NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының маңында орналасқан. Мұз жамылғысының ауданы 1300 шаршы метрден асады.
Мұз айдынына кіру тегін. EXPO мұз алаңының жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.
Келушілер үшін киім ауыстыратын бөлме, қоғамдық тамақтану орындары және тәулік бойы жұмыс істейтін 3 мың автомобильге арналған жерасты паркингі қарастырылған.