Блогер Азамат Сәрсенбаев Қаракөл көлінің маңында түсірілген видеоны жариялады.
«Бұл оқиға алаңдатады. Қаракөл көлінің жағасында жүздеген құс өлексесі жатыр», деп түсіндірді блогер.
Көлден басқа өлі құстарды табылған жоқ.
Маңғыстау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, қазір мамандар аққулардың өлімінің себебін анықтап жатыр.
«Оқиға орнында Үстірт мемлекеттік табиғи резерваты, облыстық ветеринарлық орталық қызметкерлері мен экологтар жұмыс істеп жатыр», деді Ғ.Досатов.