Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2022

Алматы тұрғынынан кокаин тәркіленді

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 31 жастағы ер адам кокаин таратумен айналысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы тұрғынынан кокаин тәркіленді

– Г.есімді азамат есірткі айналымымен жақында айналысқанын айта бастады. Оның айтуынша, жұмысты бейтаныс адам ұсынған. Байланыс тек мобильді мессенджер арқылы жүргізілген. Ұсталған сәтте күдіктіден ақ түсті ұнтақ заты бар 10 бума табылды. Сот-химиялық сараптама оның ірі кокаин партиясы екенін көрсетті. Есірткі сатушының әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Ол қамауға алынды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Қалаға есірткі жеткізу арнасын Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері анықтап жатыр.