Оқиға • 19 Желтоқсан, 2022

Ақмола тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады

894 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелі мен баласын соққыға жыққан Ақмола тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады

14 желтоқсанда Есіл ауданының ауылдарының бірінде қайғылы оқиға болды. Аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ауыл тұрғыны өз басына оқ атып, суицид жасағаны туралы ақпарат келіп түскен. Жедел-тергеу тобы алдын ала анықтағандай, оқиға болған күні марқұм жұбайының бас аймағын жарақаттап, оны тоқтатпақ болған 20 жастағы ұлына дене жарақатын салған. Оқиға туралы полицияға көршісі хабарлаған. Ол куәгер болған. Полиция қызметкерлері келгенге дейін ер адам өз-өзіне қол жұмсап, басына оқ атқан.

Бұл фактілер Қазақстан Республикасы ҚК-нің ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Қылмысқа оқталу және адам өлтіру) және 105-бабы 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеп-тексеру барысында оқ атылған тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың ІІО-да тіркелгені анықталды.

Жұбайының айтуынша, оқиға болған күні күйеуі екеуінің арасында ешқандай жанжал болмаған. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып, полицейлер ер адамды осы шарасыз қадамға итермелеген себептерді анықтап жатыр.