06 Маусым, 2014

Ел экономикасының қауіпсіздігі берік қолда

325 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Рашид ТУСУПБЕКОВЖиырма жыл бұрын, яғни 1994 жылғы 6 маусымда, Қазақ­стан Республикасының Үкіметі қау­лысымен салық милициясы құрылып, кейінірек қаржы поли­циясы болып қайта ұйым­дас­тырылды. Мұндай құқық қорғау органының өкілеттіктері бар жаңа арнайы құрылымның пайда болуы, Қазақстанның жанама зардаптары криминалды бизнес, «көлеңкелі» экономика болып табылатын нарықтық қатынастарға өтуімен, сондай-ақ, салық құ­қық бұзушылықтарына қарсы кү­рес­тің сол уақытта қолданылған тә­сіл­дерінің аз тиімділігімен байланысты еді. Бүгінде қаржы полициясы – бұл өз жұмысының нәтижелерін сер­пінді үдете алатын ұтқыр және сапалы кадрлық құрамы бар, сыбайлас жемқорлықты ескертуге, анық­тауға, жолын кесуге, экономика және қаржы қызметі саласында адам және азаматтың құқығына, қоғам мен мемлекет мүддесіне қар­сы қылмыс пен қауіптерді ашу жә­не тергеуге бағытталған  құқық қор­ғау қызметін жүзеге асыратын арнайы, жақсы жабдықталған орган. Экономиканың даму процесі, мемлекеттік құрылымдарды реформалау біздің ведомствоның алдына еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күрделі міндеттер қойды және қызметкерлердің кәсіпқойлығын, сыбайлас жемқорлық және эко­номикалық қылмыстарға қар­сы күрестің тиімділігін ұдайы арттыруды талап етті. Өзінің жұмыс істеген уақытында қаржы полициясы органдары он мыңдаған эко­номикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтап, ашты, жүздеген ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметінің жолын кесті, мемлекеттік бюджетке миллиардтаған теңге қайтарып, біздің қоғамның сеніміне нық ие болды. Мемлекет басшысы талап­тарының аясында, қаржы поли­циясының қызметінде ерекше назар аса қауіпті қылмыстарды анық­тауға және мемлекет пен аза­мат­тарға келтірілген материалдық залалды өндіруге бөлінгені белгілі. Қазіргі кезеңдегі қаржы полициясы огандарының басты мін­деттері болып: сыбайлас жем­қорлық көріністердің алдын алу; олардың жүйелі және ұйымдасқан нысанының жолын кесу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңна­маны жетілдіру; «көлеңкелі» эко­но­микаға қарсы тұру; терроризм мен экстремизмді қаржыландыру ар­наларын анықтау және жолын кесу болып белгіленді. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне мем­ле­кеттік органдардың араласуына жол бермеу басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бүгінде қаржы полициясы елеулі кәсіби кадрлық, әдістемелік және материалдық-техникалық әлеуетке ие. Ведомствоның тергеу және жедел аппараты осы жылдарда күрделі сыбайлас жем­қорлық және экономикалық қыл­мыстарды ашу, жолын кесу және тергеу бойынша едәуір кәсіби тәжірибе жинақтады, қылмыстың осы түрлерінің алдын алу және ескерту мақсатында, қазіргі за­манғы ақпараттық технология­ларды қолдана отырып, болжау қызметін жүзеге асыратын ана­литиктердің өзегі қалыптасты. Қаржы полициясы органдары бұдан әрі де сыбайлас жемқорлық және «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұру жолымен, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қам­та­масыз етуді, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға жә­не оған құқықтық оқыту мен на­сихаттау арқылы қол жеткізуді жалғастырады. Біздің кәсіби мере­кемізде қаржы полициясы орган­дарының бүкіл құрамына кәсіби қызметте жетістіктер, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғау және сыбайлас жемқорлықты жоюдың маңызды ісінде қойылған мақсаттарға жетуде оптимизм мен күш-қуат,  ал біздің ардагерлерге – ұзақ өмір және біздің ортақ ісімізде белсенді болуды тілеймін. Рашид ТҮСІПБЕКОВ, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы.