Президент • 19 Желтоқсан, 2022

Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

«Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады», делінген хабарламада.

Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.