Қаржы • 19 Желтоқсан, 2022

Биыл елордаға бір трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Астанаға 1,2 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл елордаға бір трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

«Жыл басынан бері біз 1,2 трлн теңге инвестиция тарттық. Егер инвестициялық салымдардың құрылымына қарайтын болсақ, оның 53% немесе 632,9 млрд теңге құрылыс-монтаждау жұмыстарына, 9% немесе 107,2 млрд теңге көлік және қойма өнеркәсібіне, ал 6% немесе 76,1 млрд теңге өнеркәсіпке тиесілі», деді Астана әкімінің орынбасары брифинг барысында.

Спикердің айтуынша, бүгінде Астана тұрғын үй құрылысына инвестиция тарту бойынша жетекші орынға ие; шикізаттық емес секторға инвестиция көлемі бойынша екінші орын, негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі бойынша үшінші орында.

Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінде елордада шетелдің қатысуымен 100 миллиард теңгені құрайтын алты жоба әзірленуде. Бұл кондитерлік өнімдерді, фри картоптарын, резеңке бұйымдарды, балалар тағамын, электр қозғалтқыштарын шығаратын фабрикалар, сондай-ақ заманауи қойма кешендері.