Елорда • 20 Желтоқсан, 2022

Астанада бірінші Орталық Азия медиа форумы өтіп жатыр

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада бірінші Орталық Азия медиа форумы өтуде. Бірегей ынтымақтастық алаңына айналған форум Орталық Азия елдері үшін бірыңғай медиа кеңістігін құруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бірінші Орталық Азия медиа форумы өтіп жатыр

Медиа форумға 100-ден аса спикер қатысады. Бұл әлемге әйгілі Пулитцер сыйлығының иегерлері, әлемдік саясаткерлер, халықаралық және жергілікті журналистер, ықпал етушілер, халықаралық ұйымдардың жетекшілері және беделді медиа сарапшылар.

Екі күнге созылған Бірінші Орталық Азия медиа форумының қатысушылары өңірлік бірегейлік, жаңа медианы дамыту, жасанды интеллект технологияларын медиада қолдану, Орталық Азиядағы креативті индустрияның дамуы, пост-шындық кезеңіндегі ақпараттық қауіпсіздік, медиа саласындағы білім беру транформациясы, өзара ынтымақтастықтағы халықаралық ұйымдардың орны, азаматтық қоғамды дамытудағы гендерлік теңдіктің рөлі, өңірлік және жаһандық кооперация мүмкіндіктері сияқты көкейкесті мәселелерді сөз етпек.

Форумның панельдік сессиясында Түркия мен Моңғолияның бұрынғы Президенттері Абдолла Гүл, Намбарын Енхбаяр ойларын ортаға салады.

Танымал әнші Димаш Құдайберген БҰҰ резолюциясы бекіткен 21 қыркүйектегі «Халықаралық бейбітшілік күнінің» және әлемдік «Peace one day» жобасының авторы Джереми Гиллимен бірге бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессия өткізеді.

Форумның баслайнерлері - Голливуд актері және аты аңызға айналған боксшы Рой Джонс, New York Times газетінің төрт дүркін бестселлер авторы Лиз Уэлш.