Президент • 20 Желтоқсан, 2022

Президент Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия медиа форумының қатысушылары – Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен,  Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярмен және Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті

Мәртебелі меймандар Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен саяси жаңғыруларға оң баға берді.

Президент Орталық Азия медиа форумына қатысқаны үшін қонақтарға алғыс айтып, елдеріміз арасында көпжақты ынтымақтастықтың дамуы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Кездесу барысында халықтарымыздың тарихи тамыры ортақ екеніне назар аударылды. Сондай-ақ олар мәдени-гуманитарлық және ғылыми салаларда бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігі жөнінде пікір алмасты.