Спорт • 21 Желтоқсан, 2022

Шымкенттің волейболшы арулары

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 11-17 жел­тоқсан күндері ара­лығында Шым­кент­тегі «Отырар» уни­­­верситетінің спорт ке­шенінде во­лей­­­бол­дан жоғары ли­­га­дағы әйелдер ара­сындағы XXX чем­пио­наттың ІІ тур ойындары өткен болатын.

Шымкенттің волейболшы арулары

Оған елімізден 6 команда қатысты. Атап айт­­­қанда, Шымкенттің «Шым­кент», Тараздың «Та­раз», Оралдың «Грация KZ», Ақтөбенің «Ақтөбе», Аты­раудың «Атырау», Қара­ғанды облысының «Ели­сеевские ласточки» кома­ндалары бақ сынасты.

Дейтұрғанмен, бұл сында алаң иелері шапшаңдық танытып, қарсыластарынан басым екендіктерін көр­сетті. Жалпы, 5 кездесу өткізген жергілікті команда 4 ойында жеңіске жетіп, тек бір ойында ғана есе жіберіп алды. Әрбір кездесуде Шымкенттің волейболшы қыздары жарысқа жан-жақты дайындалғанын байқатып, жеңіске жету жолында ерлік жасады деу­ге болады.

Сонымен ІІ турдың қорытындысы бойынша 28 ұпай жинаған үшінші мегаполистің командасы бірінші орын алды. Ал 24 ұпай еншілеген «Тараз» арулары екінші орынға тұ­­рақтады. Қоржынына 19 ұпай жиып үлгерген оралдық «Грация KZ» құ­рамасы болса, үшінші орын­ды місе тұтты. Ендігі кезекте барлық қарсылас командалар Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында ІІІ тур ойындарында кездесетін болады.