Қоғам • 21 Желтоқсан, 2022

Белгілі ғалым Амангелді Айталы дүниеден өтті

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, академик Амангелді Айталы өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі ғалым Амангелді Айталы дүниеден өтті

Амангелді Әбдірахманұлы Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Ресейдің Астрахан облысы Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Атырау педогогикалық институтын, 1967 жылы ҚазҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Философия ғылымының докторы, профессор. Ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен. 1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің депутаты. Бірнеше кітаптың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.

«Құрмет» белгісі, «Парасат» ордені, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.