Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2022

Жамбыл облысында ер адамды бопсалаған күдіктілер ұсталды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында жәбірленушіден 2 млн теңге көлемінде ақша талап еткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында ер адамды бопсалаған күдіктілер ұсталды

6 желтоқсанда Тараз қаласының Полиция басқармасына бопсалау туралы облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны шағымданды. Ол өзінен қорқыту арқылы апта сайын екі азаматтың әшкерелеуші ақпаратты жарияламау үшін 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынын хабарлады.

Жәбірленушіден барлығы 2 млн теңге көлемінде ақша талап еткен. Жамбыл облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арызданушыдан кезекті рет 200 мың теңге көлемінде қаражатты алу кезінде 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар анықталып, ұсталды.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның серіктесіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Күдіктілердің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазір барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.