Қоғам • 21 Желтоқсан, 2022

Креативті индустрияны дамытудың мүмкіндігі зор - Алтай Көлгінов

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Азияның креативті индустрияны дамытудағы мүмкіндігі зор. Бұл туралы Бірінші Орталық Азия медиа форумында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Креативті индустрияны дамытудың мүмкіндігі зор - Алтай Көлгінов

Форумның кезекті сессиясында креативті индустрияның маңыздылығы, оның даму жолдары айтылды. Өз кезегінде сөз алған Алтай Көлгінов Креативті индустрияның Орта Азия елдеріндегі және Қазақстандағы даму жолдарына тоқталып өтті.

«Қазір ең қарқынды дамып жатқан заманауи саланың бірі - креативті индустрия. Ол өзінің жедел дамуымен ерекшеленуде. Орталық Азияның креативті индустрияны дамытуда мүмкіндігі зор деп есептейміз. Ал, Қазақстанда 2021-2025 жылдарға арналған еліміздегі креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасы қабылдануда. Оған көбінесе жастар қамтылған, сондай-ақ дамыған компаниялар да атсалысуда», деді А.Көлгінов.

Оның айтуынша, креативті индустрияны Қазақстанда дамытудың шаралары дайындалып жатыр. Сонымен қатар шетелге экспортқа бағыттауда да көптеген шаралар қабылдануда. Бұл саланы дамыту үшін Таяу шығыстағы қолданылған тәжірибелерді қолдануға болады.

Сондай-ақ сөз соңында Бірінші Орта Азия медиа форумы елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы үлкен платформалық жол болатыны айтылды.