Елорда • 21 Желтоқсан, 2022

Астанада «Медициналық туризмді» дамыту бойынша халықаралық кездесу өтті

362 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласындағы Үндістан елшілігі «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығымен (АХҚО) бірлесіп Үндістан мен Қазақстан арасында «Медициналық туризмді» дамыту бойынша B2B кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада «Медициналық туризмді» дамыту бойынша халықаралық кездесу өтті

Іс-шара Үндістан мен Қазақстандағы ауруханалар, Қонақжайлылық және сақтандыру индустриялары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, екі ел арасындағы медициналық туристер ағынын арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында аталған салаларға инвестициялар тартуға және осы салалардағы кедергілерді еңсеру үшін шешім іздеуге бағытталған. 

«Үндістанның Қазақстандағы елшісі Шубхдаршини Трипати ханым өзінің құттықтау сөзінде Үндістанның Денсаулық сақтау индустриясы Инфрақұрылым, технология, маман дәрігерлер мен медбикелер тұрғысынан әлемдегі үздіктермен бәсекелесетінін атап өтті. Үндістанның жоғары мамандандырылған органдарды трансплантациялау, кардиология, онкология және т. б. салалардағы тәжірибесі Үндістанды медициналық құндылығы бар саяхаттың жаңа мекеніне айналдырды. Гуманитарлық көмек ретінде Үндістан өзінің отандық вакцинасын «Майтри вакцинасы» бастамасы аясында 100-ден астам елге таратты», деп атап өтті Шубхдаршини Трипати ханым. 

Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов мырза құттықтау сөз сөйледі. Ол медициналық туризмді одан әрі дамыту және ілгерілету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен өткен жылы медициналық туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгені туралы хабарлады. Онда Қазақстанға медициналық туризм бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және шет елдерде талап етілетін қызметтерді (медициналық, сервистік) кеңейтуді қоса алғанда, денсаулық сақтау ұйымдарының әлеуетін арттыру сияқты бағыттар кірді.  

з

Өз кезегінде Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министірлігінің департамент директоры Лав Агарвал Мырза негізгі сөзінде Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі Medical Value Travel (MVT) бастамасын іске асырып жатқаты турады айтты. Аталған іс-шара шеңберінде Үндістанға емделуге ұшатын шетелдік пациенттерге сенімді экожүйе құрылып, соның интеграцияланған жақын арада қосылатын веб-портал және «Үндістандағы емдеу» деп аталатын мобильді қосымша арқылы қолдау көрсетіледі деп күтілуде. Оның сөзінше,  ағылшын тілін жетік білетін жоғары білікті және тәжірибелі медициналық қызметкерлермен жабдықталған Үндістанда 1,3 миллион аллопатиялық дәрігер, 800 000 дәстүрлі медицина дәрігері және 3,4 миллионнан астам медбике бар. Сөз барысында ол дамыған елдерді қоса алғанда, көптеген басқа елдерде 40 000 АҚШ доллардан 60 000 АҚШ долларға дейін тұратын кардиологиялық процедураның құны Үндістанда небәрі 3 000 АҚШ доллардан 6 000 АҚШ долларға дейін тұратыны екенін мысалға келтірді. 

Сондай-ақ іс-шараның бірінші бөлімі барысында  АХҚО Business Connect Халықаралық бизнес және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Тимур Сембинов Үндістан делегациясына презентация жасады. Ол қатысушыларды АХҚО қызметімен және оның қатысушылары үшін негізгі преференцияларымен таныстырды. 

Бірінші сессия кезінде Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі Medical Value сандық порталының демонстрациясын өткізді. 

Іс-шараның екінші бөлімі медициналық сектордың жетекші компанияларының басшылары Үндістандағы медициналық көмектің артықшылықтарын айқындайтын тақырыптық презентацияларға арналды. Apollo Hospitals Group директоры доктор Анупам Сибал Қазақстанмен ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективалары және медициналық туризмнің ықтимал үлгілері туралы айтып берді.

г

Екінші тақырыптық презентацияны Sri Sri Tattva басқарушы директоры Арвинд Варчасви мырза өткізді. Ол өз сөзін сауықтыру туризміне және АЮШ медицина жүйесіне арнады. 

Үнді тарапынан іс-шараға Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық агенттігі (Invest India), Үнді сауда-өнеркәсіп палаталарының федерациясы, сондай-ақ Apollo hospitals, Artemis Hospitals, Shinon Healthcare, Magnus Medi, SimplifyMVT, Medanta Hospital, Medijourn solutions және т.б. сияқты жетекші медициналық компаниялар онлайн-форматта қатысты.