Спорт • 21 Желтоқсан, 2022

Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

Елена Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» аталымы бойынша үздік шықты. Биыл ол Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет жекелей сында Уимблдонда топ жарды. Сондай-ақ тағы екі WTA турнирінің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, бұл байқауды «Еуразия жыл адамы» ұйымдастыру комитеті 2000 жылдан бері өткізіп келеді. Түрлі саладағы жыл үздіктеріне «Алтын адам» сыйлықтары тапсырылады. Оны анықтау үшін тұрғындар арасында сауалдама жүргізіліп, сарапшылар дауыс береді, ұйымдастыру комитеті талдау жасап, қазылар алқасы үздіктерді таңдайды.

«Алтын адам» сыйлығын әр жылдары Ольга Шишигина, Илья Ильин, Александр Винокуров, Елена Хрусталева, Геннадий Головкин, Дмитрий Баландин, Фируза Шәріпова, Қазбек Валиев, Зульфия Габидуллина және басқа да спортшылар алған.