Президент • 21 Желтоқсан, 2022

Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды

«Екі күндік сапар аясында Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған», делінген хабарламада.

ю

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапармен баратыны 19 желтоқсанда белгілі болған еді. Мемлекет басшысы Президент Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық және транзиттік-көліктік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты талқылайтыны хабарланды.