Спорт • 21 Желтоқсан, 2022

Елордада «ILYIN IRON CUP» турнирі өтіп жатыр

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин бастамасымен және ұйымдастыруымен күштік спорт түрлерінен «ILYIN IRON CUP» демонстрациялық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «ILYIN IRON CUP» турнирі өтіп жатыр

«ILYIN IRON CUP» – Қазақстан мен көршілес елдердің 200-ге жуық кәсіпқой спортшысы ауыр атлетика, пауэрлифтинг, армрестлинг, кроссфит, мас-рестлинг, гір көтеру, армлифтинг, воркаут, стронгмен сынды спорт түрлері бойынша үздік атану үшін сынға түсетін бірегей спорттық іс-шара.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, G-PARK компаниясының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов қатысты.

Илья Ильин атап өткендей, турнирдің басты мақсаты – елімізде бұқаралық спортты насихаттау.

«Осындай жарыстарды кәсіпқойлар арасында ұйымдастыруды көптен армандадым, олар өз саласының мықты спортшылары. Болашақта бұл турнирді еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ көршілес елдерден көптеген спортшылар жиналып, бәсекелестік атмосферасын тағы бір сезініп, спорттың ұлылығына құрмет көрсететіндей «темір» жекпе-жек өнері бойынша «шағын олимпиада» ретінде көремін. Бұл менің спорттық карьерамды аяқтағаннан кейін жүзеге асырған алғашқы ірі жобаларымның бірі және біздің «Iron Cup» ешкімді бей-жай қалдырмай, жыл сайынғы спорт мерекесіне айналатынына сенемін», деп бөлісті Ильин.

в