Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2022

Алматыда есірткі сатушы ұсталды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының патрульдік полицейлері ірі есірткі сатушысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда есірткі сатушы ұсталды

Алматы полициясының хабарлауынша, «Ақсай» ықшамауданында «Буран-082» патрульдік бригадасы полиция қызметкерлерін көріп, жасырынбақ болған жас жігітті байқаған. Тәртіп сақшылары ер адамды қамауға алды. Ол өзімен бірге есірткінің бар екенін мойындады. Одан ұнтақты заты бар 80 полиэтилен байламы тәркіленді.

«Ұсталғанның өзі пакеттерде синтетикалық есірткі заты «speed» болғанын нақтылады. Сондай-ақ ол қаланың әр жеріндегі бетбелгілер арқылы есірткі таратушы екенін түсіндірді. Қазіргі уақытта тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел бөлімшелер мегаполисте есірткіні жеткізу арнасы мен таралу жолын белгілейді», деді Алматы қаласы патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантемиров.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.