Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2022

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады. Ал, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында қар жауады, боран соғады, жел күшейеді.

24 желтоқсанда күндіз республиканың солтүстігінде көктайғақ болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Түнде батыста -3...-8°С-тан -8...-13°С-қа дейін аяз болады. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында -5...-13°С-тан -10...-25°С-қа дейін аяз күтіледі. Шығыста -15...-23°С-тан -10...-18°С-қа дейін аяз болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста -5...-25°С-тан 0...-15°С-қа дейін ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.