Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2022

Қызылорда облысында аққуды айырмен шаншып өлтірген тұрғын анықталды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше әлеуметтік желіде балыққа шыққан адамның аққуды айырмен түйреп өлтіргені туралы бейнежазба тарады. Қызылордада болды деген осы оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті тарапынан жедел түрде тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында аққуды айырмен шаншып өлтірген тұрғын анықталды

– Осы бейнежазбадан соң іс материалдары Сырдария аудандық полиция бөлімінің «Ақпаратты есепке алу кітабына» тіркелді. Нәтижесінде ауданның 26 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріштіктің каналы жағасында болғаны, бейнежазбаға сол кезде түсірілгендігі анықталды, – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру қорытындысына қарай облыс тұрғынының іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылады.