Қоғам • 23 Желтоқсан, 2022

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 3110 бала дүниеге келді

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 6,5 мың әйел экстракорпоралды ұрықтандырудан (ЭКҰ)  өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 3110 бала дүниеге келді

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің айтуынша, 2021 жылы іске қосылған «Аңсаған сәби» бағдарламасы жыл сайын ЭКҰ рәсіміне 7000 квота белгілейді.

«Биыл 6,5 мың әйел бағдарламамен қамтылды, қалғандары күту парағында. Бұрын орындалған ЭКҰ рәсімдерінің нәтижесінде «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2654 отбасында көптен күткен 3110 бала дүниеге келді», деп атап өтті Вячеслав Дудник.

Оның айтуынша, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланған.