Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2022

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республиканың 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ертең Астанада төмен қарлы боран күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Абай ауданының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады. Жел оңтүстіктен, солтүстіктен оңтүстік-батыстан соғады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аймақтарда 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде төмен қарлы боран күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. 

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының батысында төмен қарлы боран. Облыстың батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында  бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ.

Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан таулы асуларда жел 15-20 м/с.