Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2022

Керекуде фермерлік базар ашылды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қымбатшылық қос өкпеден қысқан заманда Мемлекет басшысының «Егістіктен сөреге дейін» кооперациялық тізбегін үлкен шаһарларда дамытудың маңызы зор. Жаңа жыл қарсаңында Кереку қаласында шаруалардың өнімін тұтынушыға тікелей сатуға мүмкіндік беретін «Jailau» атты фермерлік базар ашылды.

Керекуде фермерлік базар ашылды

Мұнда заманға сай базар ғимараты, азық-түлік қоймасы және далада сауда павильондары орналасқан. Әр сенбі сайын өңірдегі шаруашылықтар жиналып, жәрмеңке өткізеді. Ал жабық базардың өзі аптаның 6 күнінде жұмыс істеп, тұтынушыларға азық-түлік тауарларын жергілікті нарықтағыдан 15-20 пайызға арзанға сатады. Сауда орындарын жалға алатын кәсіпкерлер шаршы метрі үшін айына небәрі 2000 теңге төлейді екен. Мұндай жеңілдік азық-түлік өндіру саласындағы ірі өндірушілер мен танымал брендтерді қызықтырып отырғанға ұқсайды. Қазірдің өзінде іштегі орындарға 32 кәсіпкер жайғасып үлгеріпті.

Пр

«Jailau» базарының ашылу күні 8 ауданның шаруалары өз өнімдерін тікелей саудалап, тұрғындарды ауылдың берекесіне қарық қылды. Картоп пен қырыққабат, сәбіздің килосы 95 теңгеден, бірінші сұрыпты жұмыртқаның ондығы - 450, сүттің литрі 170 теңгеден босатылды. Жәрмеңкеде ет те арзан, сиырдың жұмсақ еті мен қойдың жамбасы - 2000, жылқының қазысы 2300 теңгеден сатылып жатқанын байқадық. Жарма өнімдері, күнбағыс майы, тауық және қаз еттері, жоғары сұрыпты ұн, құрт-қаймақ, сары майдың түр-түрі сөрелерде самсап, жұрт таласа-тармаса сатып алды.

Ми
Кк