Ауа райы • 24 Желтоқсан, 2022

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с дейін жел соғады. 26 желтоқсанға қараған түні желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында жел соғып, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында да екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Түркістан облысының тау бөктерінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.