Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2022

Үш өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с дейін жел соғады. 26 желтоқсанда Тараз қаласында тұман күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының орталығында 15-20 м/с дейін жел соғады, түнде Қызылорда қаласында жел соғып, 15 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.