Фото: Zakon.kz
Жол апаты солтүстік бағытта Абай мен Ұлықбек даңғылдарының арасында Саин көшесінің бойында болды.
Kia Optima жүргізушісінің айтуынша ол жолдың сол қатарында жүрген, оның алдында Ford Focus көлігі келе жатқан. Алайда Ford жүргізушісі оңға қарай жүре бастаған. Сол кезде Mercedes көлігі қозғалған. Mercedes жүргізушісі баяулауға тырысса да, Ford-қа соғылған. Соқтығысудан кейін Mercedes жол жиегіне сүйеніп, тротуарға шығып кетіп, ағашқа соғылған. Кейін Mercedes тағы да жол үстіне шығып, Toyota Camry мен Lada Priora-ны қағып кеткен. Ford және Kia көліктері де соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Focus көлігінің жолаушысы зардап шекті. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды.