Әлем • 26 Желтоқсан, 2022

Қытай-Гонконг арасындағы шекара қаңтар айында ашылады

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай мен Гонконг арасындағы шекара 2023 жылдың қаңтарында толығымен ашылады. Бұл туралы Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай-Гонконг арасындағы шекара қаңтар айында ашылады

2020 жылдың басында Гонконг билігі коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін Қытаймен шекаралық өткелдердің көпшілігін жапты.

Қазіргі шектеулерге сәйкес, Қытай материгіне Гонконгтан кіру тек қалалық әуежай, Шэньчжэнь шығанағы шекаралық өткел және Гонконг-Чжухай-Макао көпірі арқылы ғана мүмкін болады.

Қараша айында Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен Бас консулдығы елге келетіндерге HS денсаулық кодын алу талаптарын жаңартты. Енді Қазақстаннан Қытайға тікелей рейспен ұшатын жолаушылар сапар алдында 48 сағат ішінде Қазақстан Республикасының аумағында ресми тіркелген зертханада бір рет ПТР-сынамадан өтуі жеткілікті. Кері санақ биоматериал алынған сәттен басталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы жылдың 23 желтоқсанынан бастап Қытайдың China Southern Airlines әуе компаниясы В-738 ұшағымен аптасына бір рейс жиілігімен Алматы-Сиань бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр.