«Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің қиыр солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, оңтүстігінде және шығысында жел күшейеді», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен жел соғып, 1-6 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -16...-18°С, күндіз -8...-10°С.
Алматыда да күн жауын-шашынсыз болады. 0-5 м/с жел соғып, түнде ауа температурасы -6...-8°С, күндіз +1...+3°С болады.
Шымкентте ауыспалы бұлттылық байқалады. Таңертең және түстен кейін жауын-шашын жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, 5-10 м/с болады. Түнде ауа температурасы 0...-2°С, күндіз +7...+9°С жетеді.