Оқиға • 27 Желтоқсан, 2022

Талғарда такси жүргізушісінің мәйіті табылды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талғарда такси жүргізушісін 37 жерден пышақтап кеткен. Аудан полицейлері қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талғарда такси жүргізушісінің мәйіті табылды

Талғар ауданы ТЖД мәліметінше, 17 желтоқсанда полицияға Кеңдала ауылының шетінен мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 18 желтоқсан күні таңертең айналма канал жолынан шамамен 1200 метр қашықтықтан марқұмның көлігі табылды.

Белгілі болғандай, қылмыскер істі алдын ала және мұқият ойластырып қойған. Ол бір реттік абоненттік нөмірді, ұялы телефонды пайдаланған, тесу және кесу қасиеті бар жоғары сапалы қарумен қаруланған, адам өлтіруге болатын орынды білген, көлікті тастап кетуге болатын жерден қашып кету жолдарын ойластырған.

Кісі өлтірді деген күдікті Алматыда 24 желтоқсан күні кешке Сейфуллин көшесінде «Мега» сауда орталығы ғимаратына қарама-қарсы жерде ұсталды. Ұсталған адам кісі өлтіруді жеке бас ниетімен жасағанын мойындады.

Күдікті Талғар ауданы ПП ҰҚК-не қамалды. Полицейлер кісі өлтіру кезінде оның үстіндегі қан іздері бар киімдерді тауып, тәркілеген. Сондай-ақ пышақ алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.