Оқиға • 27 Желтоқсан, 2022

Украина азаматтары Алматы маңында есірткі зертханасын ұйымдастырған

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина азаматтары Алматы маңында есірткі зертханасын ұйымдастырған

Желтоқсанның 22-сі күні «Қарашыңғыл» аңшылық шаруашылығының күзетшілеріне Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылының шетінде Украинаның екі күдікті азаматы тексерілгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 43 және 28 жастағы шетелдіктердің көліктерін тексерген жердің жанынан қара сөмкені тауып алған, оның ішінде ақ және таңбалы мөлдір полиэтилен пакеттер болған.

«Одан әрі Алматы облысы есірткіге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында ықтимал есіркі зертханаларының екі мекенжайын анықтады. Рұқсат етілген тексеру барысында жергілікті жерде тағы 6 Украина Республикасының азаматы ұсталды. Сонымен бірге зертханалық құрал-жабдықтар, шыны тостағандар мен кристалды заттар, химиялық заттар салынған металл қаңылтырлар тәркіленді», деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тінту кезінде 30 келіге жуық «спид» есірткі заты тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, кінәсін мойындау кезінде ұсталғандар осындай тыйым салынған заттарды өндіретін үшінші зертхананы ашуға дайындық барысы туралы айтты.