Оқиға • 28 Желтоқсан, 2022

Қаңтар оқиғасы: 31 адам рақымшылықпен босатылды

913 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тұлғаларға рақымшылық жасауға қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: 31 адам рақымшылықпен босатылды

«Өздеріңізге белгілі, биыл 3 қарашадан бастап «Қаңтар оқиғасы» кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы заңының нормалары күшіне енді. Қазір 1086 тұлғаға рақымшылық жасалды, оның ішінде орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасаған 8 күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Бас прокуратурадан.

Сонымен қатар сот 9 адамға қатысты істі тоқтатты, 981 сотталушының жаза мерзімін қысқартты. Заң қолданыла басталғалы 31 адам рақымшылық актісін қолдану арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35