Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022

Жол саласының мамандары 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазан айынан бастап көктайғақ және қарлы боран сынды табиғаттың тосын мінезі салдарынан республикалық жолдарда көлік қозғалысы 150 рет шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол саласының мамандары 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен

Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында көлік жүргізушілеріне тұрақты негізде дауыл туралы хабарламалар жіберіледі. Алыс сапарға шықпауға кеңес алатын жүргізушілер немқұрайлық танытып, қар құрсауында қалып жатады.

Мәселен жол саласының мамандары күре жолдардың бойында 600-ге жуық адамға көмек көрсеткен. Атап айтқанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 232 көлік жылы бокстарға орналастырылса, 563 адам жылыту пункттеріне жеткізілді.

Бұл ретте автомобиль жолдарын күтіп ұстайтын қызметкерлердің техникасы көлікті қар құрсауынан шығаруға немесе эвакуациялауға бейімделмегенін ескерте кеткен жөн. Соған қарамастан сала мамандары тиісті ескертуді елемеген жүргізушілердің батып қалған көліктерін шығаруға мәжбүр болады. 

Айта кетсек, биылдан бастап ауа райының қолайсыздығына қатысты көлік қозғалысын шектеу жөніндегі хабарламаны ескермеген тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тиісті өзгеріс Үкіметтің «Жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына енгізілді.