Әлем • 28 Желтоқсан, 2022

Doc-1 MAX: Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі үнді сиропын ішкен 18 баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Doc-1 MAX: Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды

Өзбекстанның Дәрілік заттарды сараптау және стандарттау орталығының қорытындысына сәйкес «Doc-1 MAX» сиропы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің зертханалық зерттеулеріне сәйкес, Doc-1 MAX сиропында кездесетін этиленгликоль заты науқастың денсаулығына теріс әсер етеді.

Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186-3-бабының 4-бөлігі бойынша «Quramax Medical» ЖШҚ және «Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы» ЖШҚ импорттаушы компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, 22 желтоқсанда Өзбекстанда Үндістанның тұмауға қарсы «Doc-1 MAX» препаратын қабылдаған 15 баланың қайтыс болғаны туралы хабарланды. 

27 желтоқсанда Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі аталған препараттан 18 бала қайтыс болғанын растады.