Хоккей • 28 Желтоқсан, 2022

«Барыс» ҚХЛ матчында «Сібірді» жеңді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында астаналық «Барыс» Новосибирсктің «Сібірімен» ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» ҚХЛ матчында «Сібірді» жеңді

Жекпе-жектің басталуына дейін қазақстандық клуб Шығыс конференциясының сегізінші қатарында болды, ал ресейлік клуб үшінші орында тұрды.

Бірінші кезең голсыз өтті, екінші кезеңде ресейлік команда шайба соқты. Бірақ «Барыс» хоккейшісі Джереми Бракко есепті теңестірді. Соңғы жиырма минутта Никита Михайлистің шайбасы шешуші болды. Осылайша, астаналықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.