Оқиға • 29 Желтоқсан, 2022

Мемориалдық тақта ашылды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында белгілі ақын, Қа­зақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Нұрғожа Ораздың Жеңіс көшесі, №2 мекенжайдағы тұрған үйіне мемо­риал­дық тақта қоюдың салтанатты рәсімі өтті.

Мемориалдық тақта ашылды

Қазақ поэзиясында өз үні мен орыны бар ақын Нұрғожа Ораз төл әдебиетіміздің, руха­ния­тымыздың өркендеуіне өзін­дік үлес қосқан тұл­ға. Сонау 1964 жылы оның «Тұңғыш кітап» атты алғашқы жинағы шық­қалы бері осы жолда көп еңбек еткен қаламгер шығармашылық ғұ­мы­рында көптеген кі­тап жазып, артына мол мұра қалдырып кетті. Ол поэ­зия, проза және публицистика жанрларында жемісті еңбек етті.

Салтанатты рәсім­ге Астана қаласы мә­сли­хатының депутат­тары, Бақытжан То­бая­қов, Дәу­леткерей Кәпұлы, Ал­махан Мұха­мед­қа­ли­қызы сияқты ақын­дар және универ­си­тет профессорлары, қала қонақтары мен тұр­ғын­дары қатыс­ты. Ас­та­на қаласы мәсли­ха­тының депутаты, С.Сей­фуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­верситетінің ректоры Айтжан Әбдіров, Л.Н.Гу­­милев атындағы Еу­ра­зия ұлттық универ­ситеті қазақ әдебиеті ка­федрасының профессоры Серік Негимов, «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері Қай­сар Әлім, жа­зу­шы, «Алаш» әде­би сый­лы­ғының лауреаты То­лым­бек Әбді­райым сияқ­ты зия­лы қа­уым өкіл­дері сөз сөй­леп, Нұр­ғожа На­рын­­бай­ұлы­ның елге сіңір­ген еңбек­терін еске алды.