Президент • 29 Желтоқсан, 2022

Президент Динара Сәдуақасованы құттықтады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Динара Сәдуақасованы құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады.

Мемлекет басшысы дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Ма

Сонымен қатар Президент Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.