Тағайындау • 29 Желтоқсан, 2022

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ластаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

Сенат депутаттары Артур Ластаевтың кандидатурасын қолдады.

Артур Ластаев 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болған.

Сондай-ақ ол әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім бастығы болды.

ш

Артур Ластаев Бас прокуратураның өкілі – БҰҰ бөлімшесі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі қызметтерін атқарады.

2018 жылдан 2022 жылға дейін Еуропадағы Бас прокуратураның өкілі – Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінің кеңесшісі болды.

2022 жылдан бастап Бас прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болған.

Айта кетсек, бүгін 2022 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының отырысына қатысты.

о