Қоғам • 29 Желтоқсан, 2022

Азаматтық қоғамның беделін арттыруымыз керек - Президент

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент Сенатының отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтық қоғамның беделін арттыруымыз керек - Президент

«Біз үшін бұл өзгерістерді жалпыұлттық диалог арқылы жүзеге асыру өте маңызды. Осы мәселеге байланысты Парламенттің рөлі әлдеқайда жоғары болмақ. Сондықтан, келе жатқан Парламенттік сайлауға мен өзім Мемлекет басшысы ретінде айрықша мән беріп отырмын. Бұл сайлау еліміздің заңына сәйкес әділ және ашық өтуге тиіс. Жалпы біз азаматтық қоғамның беделін арттыруымыз керек», деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, азаматтардың лайықты белсенділігі болмаса, еліміз озық болмайды.

«Азаматтарымыз, ең алдымен, еліміздің алдында жауапты болуға тиіс. Қоғамда заң бірінші орында тұруы керек. Заңның үстемдігі және қоғамдағы тәртіп – еліміздің тұрақтылығының кепілі. Тұрақтылық болмаса, Қазақстан ойдағыдай ілгері баса алмайды. Аймақтағы басты рөлін атқара алмайды. Негізгі мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45