Yonhap агенттігінің жазуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша 13:49 шамасында басталған. Өрт автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан шыққан деген болжам бар.
Қазір газдан уланған 20-дан астам адам ем қабылдап жатыр.
Оқиға орнына 50-ге жуық өрт сөндіру көлігі мен техника, сондай-ақ 140-қа жуық өрт сөндіруші жіберілді. Өрт жергілікті уақыт бойынша 14:40 шамасында ауыздықталды.
Полиция мен өрт сөндіру қызметі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.