Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2022

Павлодар қаласының жаңа әкімі тағайындалды

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ержан Иманзаипов Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар қаласының жаңа әкімі тағайындалды

«Жаңа әкімінің кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігінде келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды», делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Асаин Байханов әкімдік қызметтің басымдықтарын айқындап, жаңа әкімнің жұмысына табыс тіледі.

«Облыс орталығының басшысы болу - үлкен жауапкершілік. Қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, коммуналдық қызметтер мен басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын құрып, халықтың мәселелерін жедел шешу қажет. Павлодар қаласын одан әрі дамыту, оны абаттандыру, қала тұрғындарының өмірін жақсарту - қала басшысы жұмысының басым бағыттарына айналуға тиіс», деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов.

Ержан Иманзайыпов 1984 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша; 2010 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2006 жылдан 2007 жылға дейін ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы, сарапшысы болған.

2011-2013 жылдары Ақмола облысының Табиғи монополияларды реттеу департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2013 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болған.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болды.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2020 жылға дейін Екібастұз қаласының әкімі болды.