Қоғам • 30 Желтоқсан, 2022

Министр халықты электр энергиясын ұтымды тұтынуға шақырды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандықтарды демалыс күндері электр құралдарына абай болып, электр энергиясын ұтымды пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр халықты электр энергиясын ұтымды тұтынуға шақырды

«Қазақстан электр энергиясына тапшылықты бастан кешіріп жатыр, оны қазір Ресейден алып жауып жатыр. Сондықтан демалыс күндері электр құрылғыларына абай болып, ұтымды пайдаланыңыздар. 

Ұсыныс ретінде электр құрылғыларымен абай болыңыз. Екіншіден, ақылға қонымды тұтыну болуы керек. Кез келген электр құрылғыларын сақтаудың қажеті болмаса, оларды өшірген дұрыс», деп түсіндірді Болат Ақшолақов.