Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2022

Екібастұзда тағы бір апат орын алды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласындағы техникалық су құбыры бактарында апат болды, оқиға орнына Екібастұз әкімі мен Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда тағы бір апат орын алды

«30 желтоқсанда сағат 16:00-де «Горводоканал» МКК су тазарту құрылыстарының аумағында Горводоканал жұмыскерлері жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде диаметрі 500 мм техникалық су құбыры жарылған», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарысты жағдайларды басқару орталығында.

Қазір сумен жабдықтау диаметрі 150 мм ауыз су құбырынан өндіріледі. Қазіргі уақытта жылу желісін қоректендіру резервуарларының деңгейі 5 метрді құрайды, оқиға болған кезде 6,5 метр (6 500 мың текше метр су) болды.

«Орын алған апатқа байланысты бактардағы су деңгейі екі сағатта 1 метрге төмендейді. Оқиғаға дейін жылу желісін сумен жабдықтау сағатына 600-700 тоннаны құрады, қазіргі уақытта қуаттандыру сағатына 600 тоннаны құрайды. Жылу және сумен жабдықтау штаттық режимде беріледі»,деп толықтырды ҚР ТЖМ ОКЖ.

Су айдау жұмыстарына 20 адам, 2 машина және 4 мотопомпалар жұмылдырылған.

Оқиға орнына Екібастұз әкімінің бірінші орынбасары және Павлодар облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары да барды.