Тағайындау • 31 Желтоқсан, 2022

Конституциялық Сот судьялары тағайындалды

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Конституциялық Сот судьялары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялық Сот судьялары тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;

Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

Роман Анатольевич Подопригора Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды.