Президент • 01 Қаңтар, 2023

Президент Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғыс айтты

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғыс айтты

«Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», деді Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.