ТЖД мәліметтері бойынша, 3 қаңтарда сағат 10:13-те өрт сөндірушілер Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-үй, 4-блок мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі шақыруға шықты.
«Қабылданған шаралармен өрт 10:44-те оқшауланды, 10:59-да толық жойылды, бесінші қабатқа өрттің таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. ТЖД-ның 43 қызметкері мен 11 техника шықты», деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.