Қазақстан Өзбекстан, Үндістан және АҚШ-ты басып озып, рейтингте бірінші орынға шықты.
Айта кетсек, рейтингте барлық 17 салмақ категориясы ескеріледі.
Аталған рейтинг 16-27 қаңтар аралығында Бангкок қаласында өтетін 22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионаты қарсаңында жасалды.
Көрші мемлекеттерден Өзбекстан екінші орында, Украина – 12-ші орында, Армения мен Ресей – 14 және 15-те, Қырғызстан - 38-ші орында.