Аймақтар • 03 Қаңтар, 2023

Жамбыл облысының жолдарында 110 адам құтқарылды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қаңтар күні таңертеңгі сағат оннан бастап Жуалы ауданындағы қолайсыз ауа-райына байланысты құтқарушылар жұмыс істеп, тас жолда тұрып қалған автокөліктерді қар тұтқынынан шығарып, адамдарды жылыту пункттеріне орналастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысының жолдарында 110 адам құтқарылды

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жуалы ауданындағы Шақпақ асуында Республикалық маңызы бар Алматы-Термез-Ташкент автожолының 574-тен 587 километрге дейінгі учаскесінің жабылуына байланысты ТЖД күштерімен (10 қызметкер және үш бірлік техника) жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету үшін патрульдеу жүргізілуде.

«Патрульдеу барысында қарда қалған жеңіл автокөліктерден 110 адам құтқарылды, оның ішінде 37-сі - бала. Барлығы М.Жұмабаев атындағы №29 мектепте орналасқан жақын жердегі жылыту пунктіне жеткізілді. Барлығына психологиялық көмек көрсетілді, зардап шеккендер жоқ», делінген ведомство хабарламасында.

Ро

Трассаларда патрульдеуге 61 адам және 27 бірлік техника жұмылдырылды. Бұл - ТЖД-ның 18 қызметкері, «Қазақавтожолдың» 28 қызметкері, 6 полиция қызметкері мен жергілікті атқарушы органдардың 9 қызметкері.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының мәліметінше, қысқы кезеңге өңірдің проблемалық трассаларында бес жылу пункті, бес өндірістік база және 58 бірлік техника дайындалған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік нормаларын сақтауды, автокөліктің техникалық жай-күйіне мұқият қарауды, мүмкіндігінше қала сыртындағы трассаларға шықпауды ұсынады.

Пр